Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
12
май
2025

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Шымкент қаласы білім басқармасының 06.05.2025 жылғы №265 н/қ бұйрығы негізінде А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебі 2024-2025 оқу жылының аяқталуы, қорытынды аттестаттауды және басқа да мектепішілік іс-шараларды өткізуге байланысты төмендегілерге ҚАТАҢ ТҮРДЕ ТЫЙЫМ САЛАДЫ:
  - 4,9 және 11-сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне ақша жинауға;
  - Аниматорларды, әртістерді шақыруға;
  - Мұғалімдерге және мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге;
  - Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына ақша жинауға; 
  - Мейрамханаларға баруға, ойын-сауық орталықтары мен саябақтарға баруға және автокөлік шеруін ұйымдастыруға;
  - Сыныпта дастархан жаюға және ата-аналардан қосымша ақша жинауға.
✅ ҚАТАҢ САҚТАЛУ ҚАЖЕТ:
- Оқушыларды қауіпсіздік шараларымен мұқият таныстыру;
- “2024-2025 оқу жылының аяқталуы” салтанатты іс-шарасына тек бір ғана заңды өкілін қатыстыру;
- Педагогикалық әдеп, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын сақтау;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу.
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау, олар үшін тәрбиелік мәні мен маңызы зор, есте қаларлық мектеп өмірін сыйлау - біздің басты мақсатымыз! Сондықтан осы талаптарды сіздермен бірге бірлесе отырып орындайық, өзара сенімді орта қалыптастырайық!
Сұрақтарыңыз болса, 8 776 330 9076 нөмірі арқылы қоя аласыздар.
А.П.Чехов  атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектеп директоры: Рахымбаева Катира Джумакуловна
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив