15
май
2025
"Абай әлемі- отбасы құндылығының темірқазығы "
Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай, білім беру ұйымдарында "Абай
күнін " ресми және мазмұндық тұрғыдан 15 мамыр - "Отбасы күні " меркесімен кіріктіре ұйымдастыру мақсатында "Абай әлемі- отбасы құндылығының темірқазығы " тақырыбында өтетін отбасы күнінің тұжырымдамасы негізінде 15 мамыр күні " Металлургтер" саябағында сагат 10:00- де №4, №5, №21, №26, №48, №49 жалпы орта білім беретін мектептерінің ұйымдастыруымен іс шара өткізілді.
Мерекелік іс шарага келген қонақтар ең әуелі "Сиқырлы бояу үндестігі " атты көрмені тамашалады. №26 жалпы орта білім беретін мектебінің талантты жүргізушілері ұйымдастырылған мерекелік іс шараны өз дәрежесінде жүргізіп шықты. Бұдан кейін мерекелік іс
шара барысында ұлы ақынның қарасөздері мен өлеңдері жатқа оқылып, №26 мектептің "Бұрымды қыз" бишілер тобы, №5 мектептің "Гүлдер" бишілер тобы, №21 мектептің "Шабыт "бишілер тобы, №5 мектептің "Ару қыздар" бишілер тобының арулары мың бұрала
би биледі. N48 жалпы орта білім беретін мектебінің шәкірттері " Абай ауылында " атты театрландырылған қойылымды сахналап, N4 мектептің оқушыларды "Желсіз түнде жарық ай " әнін хормен шырқады. N21 мектеп мұғалімі Ескерова Жанерке Абайдың "Көзімнің қарасы " әнін, N49 мектептің ұстазы Оңласын Ермек "Сегізаяқ " әнін, жас әнші Жанәділ Бекарыс "Көкшолақ " әнін қазақтың қара домбырасымен нақышына келтіре орындап, көпшілік арасынан көрермендер әншілерге деген дән ризашылықтарын білдіріп өтті. Асық
ату ойыны ойналып, оқушылар бұл ойынға қызығушылықпен қатысты. Іс шара соңында мектеп басшылары кешті қорытындылап, көрермендер жақсы тілектері мен ризашылықтарын білдірді.







