26
май
2025
«PROF START» кәсіби бағдар беру лагері басталды!
«PROF START» кәсіби бағдар беру лагері басталды!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектептің 7-8 сынып оқушылары 2025 жылғы 26 мамыр мен 04 маусым аралығында жазғы кезеңде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жандандыру және техникалық мамандықтарға қызығушылықты арттыру мақсатындаИндустриялық-техникалық №3 , Жеңіл өнеркәсіп және сервис №5 колледжінің базасында «PROF START» жобасы жүзеге асуда.
Балалар колледждегі түрлі мамандықтармен танысып, болашақ кәсіби бағыттары бойынша алғашқы білімдерін алуда.
Бұл жоба – өскелең ұрпақты еңбекке баулып, саналы мамандық таңдауға жол ашатын маңызды қадам!






