Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
19
март
2024

"Ұлыстың ұлы күні-Наурыз"

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!⚜️
"Ұлыстың ұлы күні-Наурыз" мерекесіне орай Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21жалпы орта білім беретін мектебінде  оқушылар арасында  «Қош келдің, Әз Наурыз!" мерекесі  тойланып өтілді. Мектеп оқушылары ұлттық дәстүрден көрініс көрсетіп, ұлттық нақышта әндер айтып, ұлттық биден тарту етіп, ұлттық киімдер үлгісін көрсетіп, ұлттық салт-дәстүрді кеңінен насихаттады.
⚜️Мерекелік кештің шымылдығы әдемі әнмен, күмбірлеген күймен ашылып, шашу шашу салтымен жалғасын тапты.
Ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден сыр шертетін көріністер көрсетілді.
⚜️Ұлттық ойындар ойнатылып,мереке жалғасын тапты.
⚜️Қыстан аман-есен шығып, мал тұяғы көкке, аузымыз аққа ілініп, ұлтымыздың Жаңа жылы мектебімізде осылай тойланды. Барлығының көңіл-күйі керемет! 
⚜️Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт - береке, бақыт пен молшылық әкелсін!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив