АЛҒЫС АЙТУ-ПАРЫЗЫМ!

Көктемнің шұғылалы алғашқы күні 1 наурыз - “Алғыс айту” күнімен құттықтаймыз!

Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн!
Бұл күн – бейбітшілік пен келісім саясатының толыққанды қалыптасқандығын көрсететін салтанатты мереке.

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебінде 1 наурыз-“Алғыс айту” күні мерекесіне орай “Мектеп Парламенті” өзін-өзі басқару ұйымы оқушылары мұғалімдерге таңғы көңіл-күй сыйлады.

Әрқашан бір-бірімізге қолдау көрсетіп, жылы лебіз-ықыласымызды білдіріп, алғыс айта жүрейік!
