15
февраль
2022
,,Есіңе мені алғайсың,, тақырыбында әдеби- сазды, шығармашылық кеш

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақ тілі және әдебиеті пәні әдістеме бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен
Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын,- деп жырлап өткен
қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған ,,Есіңе мені алғайсың,, тақырыбында әдеби- сазды, шығармашылық кеш өтті. Кеште оқушыларымыз ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, ән айтып,қойылымдар қойып, би- биледі.Кеш мағыналы,әсерлі өтті. Оқушылар өздеріне рухани нәр алды. Жарайсыздар!Әрқашан осындай баға жетпес құндылықтарымызды дәріптеп, жас ұрпақтың санасына сіңіре берейік!