Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
11
октябрь
2021

Қамқоршылық кеңес

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектебінде қамқоршылық кеңесінің кезектен тыс отырысы болып өтті. Қамқоршылық кеңесі отырысының мақсаты  мектеп директоры Қ Д.Рахымбаеваның 2019-2020 оқу жылында мектепке республикалық бюджеттен бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуы,атқарылған жұмыстың ашық,таза болуы,сыбайластыққа жол бермеу,оқушылардың қажетіне қарай алынып,жасалынуы бойынша есеп беру болып табылады. Қамқоршылық кеңес мүшелері мектеп директорының берген есебін тыңдап,мектепте жүргізілген жұмыстармен танысып оң баға беріп,игі бастамалары үшін ризашылықтарын білдірді және сәттілік тіледі.