24
июнь
2025
«Бала біздің болашағымыз» тақырыбында әдеби викториналар, зияткерлік ойындар
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектеп жанында ашылған жазғы лагерь қатысушылары арасында қала күніне орай лагерь тәрбиешілері ,кітапхана меңгерушісі Г.Абдурахманова және Дубинин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен бірлескен танымдық-мәдени іс-шара өткізілді. Іс-шара аясында оқушыларға туған қаланың тарихы мен мәдени мұрасы туралы мағлұмат беріліп, патриоттық рухты көтеретін «Бала біздің болашағымыз» тақырыбында әдеби викториналар, зияткерлік ойындар мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды.
Аталмыш іс шаралар оқушыларға өте ұнады және позитив әсер алғандары туралы пікір бөлісті.






