Школа №21
Телефоны приемной:
(8723) 56-33-01
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
15
февраль
2022

"Ауғанстан - жүректер жарасы"

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.П.Чехов атындағы N21 жалпы орта білім беретін мектебінде 15 ақпан -  Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай жас ұрпаққа қайсар жауынгер батырлардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында мерт болған жауынгерлердің рухына тағзым ету және есімдерін қастерлеу мақсатында "Ауғанстан - жүректер жарасы" тақырыбында кең ауықымды іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Аталмыш іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері Юнусов Мухаммадали, Ташев Мамуржан, Телесбаев Мухтар сынды жауынгер ағаларымыз қатысты.
Ардақты жауынгер ағалар, біз сіздердің ерліктеріңізді ұмытпаймыз! Біз сіздермен мақтанамыз!!!